Тәліптердің терұйым тізімінен шығарылғаны биік мінбеден айтылды

1222
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығару туралы айтты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Катармен көпқырлы әріптестіктің тұрақты дамуы аймақтағы, соның ішінде Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты деп санайды.

«Қазақстан Ауғанстанға, соның ішінде БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар арқылы көмек көрсетуде. Осы елмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі күш-жігері аясында Қазақстан «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығарды. Біз бұл қадам біздің күш-жігерімізбен бірге деп есептейміз. Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған SDG Аймақтық орталығын құру осы елдің әлемдік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялануына ықпал етеді. Ол сонымен қатар ауған халқына гуманитарлық қолдау көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз», - деді. Мемлекет басшысы Катар Консультативтік кеңесінің мүшелері алдында сөйлеген сөзінде атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өз тарихында бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын, саяси және экономикалық байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өткен.

Сондай-ақ, Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астанадағы Ауғанстанның Қазақстан елшілігінде тәліптер жұмыс істейтін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Катарда мемлекеттік сапармен жүр. 14 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы өзінің осы елге жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер