Үш автобус және жеңіл көлік. Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды

949
Adyrna.kz Telegram
Фото: kris_p_almaty
Фото: kris_p_almaty

Алматыда бүгін, 2024 жылдың 13 ақпанында Райымбек даңғылында үш автобус пен жеңіл көліктің ірі жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылында 54-ші бағыттағы автобустың жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. Ал 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Оқиға орнында кем дегенде 15 адам зардап шеккені айтылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер