Қарағандыда 400-ден астам азамат үй кезегінде заңсыз тұрған - прокурор

805
Adyrna.kz Telegram

Қарағандылық прокурорлар 400-ден астам азаматтың үй кезегінде заңсыз тұрғанын анықтады. Бұл туралы Qazaqstan арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і мемлекеттен баспана берілуі тиіс топқа жатпайды. Барлығы кезектен алынды.

Сонымен қатар тұрғылықты ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер анықталған. Тағы иесі жоқ 78 пәтерді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізіліп жатыр. Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйлерге төлемдер бойынша қарыздары 20 миллион теңгеге жеткен. Қазір бұл бойынша сотқа талап-арыздар берілді.

«50 адамға заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген. Иесіз 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде. Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін 4 тұрғын үй сатып алынған. Осы ауданда электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған. Шахтинск қаласында тұрғын үйді жалға беру шартын заңды деп тану туралы жалған сот шешімінің негізінде пәтерді жекешелендіріп алған. Қазір қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Ерлан Түсіпов.

Пікірлер