Күйші Райхан Мұхаметұлы дүние салды

2432
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін таңғы бесте 90 жасқа қараған шағында танымал күйші, Баян Өлгей, Алтай, Қобда беті күйшілік мектебінің өкілі Райхан Мұхаметұлы дүние салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы филолог Асылбек Байтанұлы өз Facebook парақшасында жариялады.

“Алтай-Қобда күйшілік мектебінің, әйгілі "көп қалақша ауылы" атанған Бейіс зәңгі бастаған күйшілер әулетінің белді өкілі, Баян-Өлгий аймақтық музыкалды-драма театрының тұңғыш кәсіби домбырашылар тобының мүшесі, музыкант, сазгер, ұстаз, көптеген авторлық, әулеттік, халықтық күйлерді қазақ радиосының алтын қорына жаздырған шығармашыл тұлға еді.
Абыз ақсақалдың Шынат аға бастаған ұрпақ-жұрағатына, немересі, белгілі журналист Алтынбек Хумарзах бауырымызға, күллі төлек ата балаларына қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамыз. Атамыздың алды жарық, топырағы торқа болсын”, - деп көңіл айтты әдебиетші.

Сондай-ақ ол күйшінің қонақсы өтетін жері мен уақытын хабарлады:

Қонақасы 10.02.2024 жыл, сағат 19:00, Қарағанды қаласы, 16 шағын ауданы, 41 “Дастан” мейрамханасы

Жаназасы: 11.02.2024 жыл, сағат 09:00, Қарағанды, Сортировка кенті, Зеленый лог көшесі 6,2/1
Осакаров ауданы Сарыөзек (Вольск) ауылы зиратына жерленеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер