Семейде Қайым Мұхамедхановтың әкесіне қатысты құнды құжат табылды

1687
Adyrna.kz Telegram

Семейде Алашордашы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған Мұхамедхан Сейітқұлға қатысты құнды құжат табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24KZ - ке сілтеп.

Аталмыш құжатты тапқан Абай облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері - Лаура Қадырова. Бұған дейін ол Шәкәрім Құдайбердіұлының бұрын-соңды ешқайда жарияланбаған фотосын тапқан болатын.  Бұл жолы маман Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың анасы Мақыпжамал Сейітқұлованың прокуратураға жазған хатын анықтады.

"Әрине, өзінің жұбайы Мұхамедхан Сейітқұловты жазықсыз 37 жылы НКВД азаматтары тұтқынға алып кеткен екен. Осы жөнінде не үшін ол кісіні тұтқынға алдыңыздар, ол жазықсыз адам еді дегендей жаңағы өтініш хатын білдірген екен. Бұл хаттың өте құндылығы Қайымдай ұлы перзентті дүниеге әкелген Мақыпжамал апамыздың жазған жалғыз ғана хаты екен. Мұндай өз қолымен жазған хат ұрпақтарының қолында жоқ" деді Лаура Қадырова.

Еске сала кетеік, бұған дейін Лаура Қадырова алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның 1919 жылы өз қолымен жазған өтінішін жұртшылыққа жариялаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер