Қазақстан жолдарындағы патрульдік бақылау күшейтілді

875
Adyrna.kz Telegram

Полиция Қазақстан жолдарындағы бақылауды күшейтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеп.

Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық операциясы басталды. Мақсаты-жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысының кез келген бұзушылықтарына "нөлдік төзімділік" қағидатын нығайту. Патрульдік полиция бүгіннен бастап қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшті", - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

ІІМ мәліметтері бойынша, жолдардағы нарядтардың тығыздығы артты.

"Операция кезінде жол қауіпсіздігін күн сайын 7 мыңнан астам патрульдік полиция қадағалайды, оның ішінде 1,5 мыңға жуығы қала сыртындағы автожолдарда болады", – делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, қауіпсіздік белдіктерін, балаларды ұстау құрылғыларын пайдалануға, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға және басқаларға ерекше назар аударылады.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерін  қатаң сақтауды, ауа - райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз", - деп атап өтті ІІМ.

Іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады.

Пікірлер