Сапасыз құрылыс па? Жер сілкінісінен кейін 200-ге жуық ғимарат зақымданған

1021
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда болған 5 баллдық жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимараттарда жарықшақтар пайда болып, қабырғаларға сызат түскен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КТК телеарнасына сілтеп.

Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша 200-ге жуық ғимараттың қабырғасында жарықшақтар пайда болған.

Жалпы,жер дүмпулерінен кейін 70-і – көпқабатты үйдің қабырғасында сызат пайда болған. Асқар Әмрин әлеуметтік нысандар мемлекет қаржысына жөнделетінін айтты.

Еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ол жерде кәдімгі жарықтар. Оны кезекті жөндеу кезінде қалпына келтіруге болады. Мен назарларыңызды аударғым келетін жалғыз нәрсе – біріншіден, кондоминиум нысаны саналатын барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешені өз қаражатымен жөнделуге тиіс. Қалған әлеуметтік нысандар белгіленген тәртіппен, мемлекет есебінен жөнделеді, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Пікірлер