Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан айыпталушы 2 айға қамауға алынды

1076
Adyrna.kz Telegram

27 қаңтарда Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“28 қаңтарда сот Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сырттай екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", - деп хабарлады соттан.

Айта кетейік, жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлына соққының салдарынан мидың шайқалуы, мұрын сүйектерінің сынуы, кеуде және беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылған болатын.

Ал айыпталушы, жәбір көрсетуші Нұрболат Дакебаев іздестіріліп, ұсталған болатын.  Дегенмен ұсталғаннан кейін Дакебаевтың бейнеөтініш арқылы қазақстандықтар мен медицина қызметкерлерінен кешірім сұрады.

Жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы өзінің жауап ретінде бейнехабарлама жолдап, айыпталушы азаматты кешіретінін және оны соттауға ниеті жоқ екенін жеткізген еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер