"Әділ сөз" қоры журналистке жасалған шабуылға алаңдаушылық білдірді

1228
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналист Айша Құтубаеваға сот ғимаратында жасалған шабуылға байланысты объективті тергеу жүргізуді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

"Әділ сөз" қоры 2025 жылдың 30 қаңтарында Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналист Айша Құтубаеваға жасалған шабуылға қатты алаңдаулы екенін мәлімдеді.

Қор өкілдері бұл Қазақстанда журналистерге жасалған алғашқы шабуыл емес екенін атап өтті.

Қордың келтірген деректерінде, 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавлда Qazmedia.kz тілшісіне полиция рейді кезінде мас адам шабуыл жасаған. Сот оны ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамауға алынғаны көрсетілген. Сондай-ақ, қараша айында Батыс Қазақстан облысында Umarovnews.kz сайтының редакторын сот залында соққыға жықты. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қаралып, кейін кінәлі тараптың кешірім сұрауына байланысты іс жабылғаны да көрсетілген.

"Әділ сөз" атап өткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы (Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау) соңғы 15 жылда небәрі екі рет сотқа дейін жеткен. Осыған байланысты қор ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне (ҚОАП) қосымша жауапкершілік енгізуді ұсынды.

"Бұл өзгеріс құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес жылдам әрі тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді", – деп қорытындылады халықаралық ұйым.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер