Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің бұрынғы төрағасы Дархан Әбдікәрімовке үкім шықты. Бұл туралы Қостанай қаласының №2 соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Соттың хабарлауынша, 2024 жылдың маусым айында Әбдікәрімов Қостанайда ЖШС директорының бірінен 2 млн теңге пара алған. Сол жылдың тамызында 78 125 000 теңге сомасына бір көзден алу тәсілімен пестицидтерді сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін 2,4 млн теңге тағы алған.
Тергеу барысында күдіктілер қылмыс жасағанын мойындап, өкініш білдірген.
Прокурор соттан шенеунікті 3,6 жылға, ал кәсіпкерлі 3 жылға соттауды сұрады.
Сот үкімімен Әбдікәрімов 3 жыл 6 ай мерзімге, ал кәсіпкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Шенеунік алған пара мемлекет кірісіне тәркіленеді.