Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында жұмысшы қаза тапты

2397
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы "ӨзенМұнайСервис" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, оқиға 27 қаңтарында түнгі ауысымда болған.

"Өзен" кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеу кезінде жазатайым оқиға болып, мердігер компания – "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС жұмысшысы қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде комиссия оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтап жатыр.

Сондай-ақ, жағдай жұмыс беруші компания "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС мен "Өзенмұнайсервис" ЖШС басшылығының ерекше бақылауында болады.

Ал "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын екенін хабарлаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер