Шаталов шатастырды. Енді ақпарат агенттіктері заңсыз бола ма?

1661
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда ақпараттық агенттіктер заңсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

"Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: ( ... )" 9) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым", - делінген Мәжіліс депутаты Никита Шаталовтың 25 қаңтардағы "масс-медиа туралы " заң жобасына өзгерту енгізу туралы талқыланған жұмыс тобының отырысында.

Осылайша, тұжырымдамада айтылғандай "бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, ақпараттық агенттік, сондай-ақ уәкілетті органда есепке қойылған желілік басылым" ақпарат агенттіктері БАҚ түрі ретінде алынып тасталуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта интернет-БАҚ пен барлық басқа интернет-ресурстардың аражігін ажырату мәселесі қозғалуда. Сонымен қатар, тек ақпараттық агенттіктер міндетті түрде есепке алынады. Желілік басылымдар өзінің анықтамасына қарамастан ерікті түрде есепке тұруға құқылы. Интернет-ресурстар мен ақпараттық агенттіктерді бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі болып табылатын "интернет-басылымдар" бірыңғай ұғымына біріктіру ұсынылады. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады", - делінген ұсынылған түзетудің негіздемесінде.

Мәжіліс сайтында жарияланған заң жобасының бастапқы нұсқасында тұжырымдамалық аппараттағы ақпараттық агенттіктер әлі де бар екенін атап өтеміз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер