Бишімбаевтың ісі бойынша тың деректер айтылды

1967
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша егжей-тегжейлі ақпараттарды айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысы осы іс бойынша тергеудің аяқталғанын және оны сотқа жедел тапсырылатыны жайлы хабарлады.

"Іс аяқталды, қазір танысу барысы жүріп жатыр, Содан кейін сотқа жіберіледі. Онда процесс келесідей: жәбірленуші тарап пен күдікті тарап танысады. Процесс, менің ойымша, іс жүзінде аяқталды. Тергеу толығымен аяқталды десек болады, біз танысқаннан қадағалау органы ретінде прокуратураға жібереміз, кейін шешімді сот қабылдайды және шешеді", - деп жауап берді Сәденов журналистердің сұрақтарына.

Сот процесі қандай болатыны, ашық немесе жабық болатынын судья шешеді, деп қосты ІІМ басшысы.

Сондай-ақ, Ержан Сәденов Бишімбаевтың денсаулық жағдайы және оны ұстау шарттары туралы сұрақтарға жауап берді.

"Барлық қылмыскерлерге бірдей жағдай, сондықтан да ол қамауда. Сәйкесінше, басқалармен бірге. Денсаулығы жақсы", - деді Сәденов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер