Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері қымбаттайды

1229
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 қаңтардағы үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында 2024 жылы коммуналдық қызмет тарифтерінің шамамен қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, тарифтік бағдарлама жеті жылға есептелгендіктен, жыл сайын тарифтерді түзету күтіледі.

«Тарифтерді түзету әр жылы күтіледі, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылады. Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтердің өсуі 10-15 пайыз болады. Бұл орташа есеппен 20-30 пайызды құрайды. Су – маңызды ресурс. Біз оны үнемдеуге тырысуымыз керек. Тек инфляцияны ұстап тұру керек», - деді Қуантыров.

Бұл өзгеріс коммуналдық қызметтердің барлық түрлеріне арналған, өйткені министрдің айтуынша, инфрақұрылымның тозуы қызметтің кез келген түрінде бар. Тарифтерді көтеру есебінен түскен ақша инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады.

"Коммуналдық қызметтердің барлық түрлері бойынша инфрақұрылымның тозуы бар. Тозған құбырлар, желілер, су құбырлары. Кәріз жүйесі әсіресе қатты тозған, ал шоттар аз. Екі бөлмелі пәтерге орташа есеппен кәріз шоты - 200 теңге. Көтеру керек", - деп түсіндірді Қуантыров.

Сонымен қатар министр су бағасын көтеру себептерін де түсіндіріп өтті.

«Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сондай-ақ судың тарифі де өте төмен. Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Өте маңызды ресурс болғандықтан, суды үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі», – деп сөзін толықтырды министр.

Сондай-ақ, мердігерлер мен құрылыс ұйымдары бәрін жаңартып үлгеруі үшін тарифтерді біртіндеп көтеру жұмыстары жүргізілуде.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер