Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды

1523
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысының Шет ауданында электрмен жабдықтаудағы мәселелерге байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, “Шет-Энерго” компаниясы “Жезқазған тарату электр желілік компаниясының” электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамаған. Соның салдарынан ауданда электр қуатын беру шектеліп, тұрғындар жарықсыз және жылусыз қалуда.

Бұл туралы Шет ауданының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Әкімдіктің айтуынша, “Шет-Энерго” компаниясы жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаржы салмаған, бұл жүйелі түрде апаттық жағдайлардың туындауына себеп болған.

“Тұрғындар жиі жарықтың сөнуімен қатар, жылудың да болмауынан зардап шегуде. Тұрақты ескертулерге қарамастан, “Шет-Энерго” қызмет көрсету сапасын жақсарта алмады”, – делінген Қарағанды облысы әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы әкімдігі “Шет-Энерго” компаниясының мүлкін мемлекеттік меншікке беру жоспары барын мәлімдеген болатын. 2024 жылдың желтоқсанында компанияны сотқа беріп, оның мүлкін мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

“Компания тарапынан жиі апатты жағдайлар орын алды. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеуі үшін “Шет-Энерго” мүлкін мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды”, – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер