Қазақстанда жүздеген адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін – министрлік

2025
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда өз міндеттерін орындамайтын мыңдаған ата-ана есепке қойылды. Олардың ішінде жүздеген адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке алынды. Соның ішінде 1 057 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына 36 920 теңгенің айыппұлы салынды. Ал 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.

"Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы педиатрдан хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде жас ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деді Серікбаева  брифингте.

Сондай-ақ, ол сот шешімімен алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылғанын мәлімдеді. Ал қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 557 агрессор және мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды орындамағаны үшін 531 құқық бұзушы қамауға алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер