Өз үйінде буындырған. Алматы облысында 80-нен асқан әжейді тонап кеткен

3199
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды. Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмысын толығымен мойындаған», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.

Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер