18 көлік соқтығысқан. Алматы облысында ірі жол апаты орын алды

1351
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен

Алматы облысында 18 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

15 қаңтар күні таңғы сағат 07:30 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 28-шақырымында (Алматы – Қонаев бағыты) 18 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат қою тұман кезінде орын алған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, апатқа жүргізушілердің жылдамдық режимін және нашар көріну жағдайында қауіпсіз қашықтықты сақтамауы себеп болған. Апат болған жол учаскесі IА техникалық санатына жатады, алты жолақтан тұрады. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттарсыз болған», – делінген хабарламада.

Апат салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аймақ полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Нашар көріну жағдайында жылдамдықты төмендету, қауіпсіз қашықтықты сақтау және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау аса маңызды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер