Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады

1907
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады. Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік парақшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.

«Құрметті жерлестер! Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осыдан бір ай бұрын облысымызда Үкімет басшысының қатысуымен «Рожковское» газ кен орны іске қосылған болатын.

Аталған шара барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенімде жаңа кен орны облысымыздың сұйытылған газға деген сұранысын жабатынын айтқан едім.

Енді міне араға тура бір ай салып кен орнынан өндірілген 1100 тонна сұйытылған газ облыс қажеттілігіне бөлінді. Ай сайын осындай көлемде өңірге cұйытылған газ жеткізіліп тұратын болады.

2024 жылдың соңына дейін кен орнында 4 ұңғыманы пайдалануға беру жоспарда бар. Осылайша өндіріс қуатын арттырып, бұрынғыдай сұйытылған газды басқа облыстардан әкелуден арыламыз.

Бұл бірлескен еңбектің нәтижесі. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген газ саласының барлыққызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін!», - деп жазды БҚО әкімі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер