“Тау етегіне көпқабатты үйлер салуға тыйым салу керек” – депутат

1082
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында тектоникалық бұзылыстары бар жерлерден жер телімдерін беруге, заңнамалық деңгейде ол жерде құрылыс салуға тыйым салу керек екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жер қатынастары мен мәселелері бойынша маман және заңгер ретінде тектоникалық бұзылыстары бар аймақтарда, сондай-ақ сел және көшкін қаупі бар аймақтарда жер телімдерін беруге заңнамалық тыйым салуды жедел енгізу қажет деп санаймын. Тектоникалық бұзылыстары бар аймақтарға құрылыс салуға шикізат пен рұқсат беруге тыйым салуды енгізіңіз», - деді ол.

Оның пікірінше, мәслихаттар мен әкімдіктерге «Қала аумағын дамыту қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі қосымша құзырет» түріндегі ерекше мәртебе беру керек. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптау сатысында діріл сынамаларын пайдалана отырып, салынып жатқан нысанның міндетті сейсмикалық аудитін және объектіні пайдалануға қабылдау кезеңінде қайталама сейсмикалық аудит жүргізу тәжірибесін енгізу қажет.

Сонымен қатар тау етегіне көпқабатты үйлер салуға тыйым салынып, әкімдікте ережелерді бекітуге арнайы өкілеттіктер берілуі керек екенін де атап өтті.

«Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдармен, сейсмикалық қызметтермен және ғылыми институттармен (ҚазҚСҒЗИ) жер учаскелерін, жерге орналастыру жобаларын, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы және қала құрылысы сараптамасының материалдарын беру бойынша материалдарды келісу тәжірибесін енгізу. Алматы қаласының таулы аймақтарында көпқабатты, тіпті екі қабаттан да жоғары тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салу енгізілсін», - деді депутат ұсыныстарын нақтылап.

Сондай-ақ ол Қазақстанда жер сілкінісінің жойқын зардаптарын болдырмау және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша заңнамалық деңгейде бірқатар шешімін таппаған мәселелер бар екенін де айта кетті.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер