“Оларды түсінуіміз керек”. Аймағамбетов түнгі клубқа барғаны үшін жұмыстан қуылған мұғалімдерге қатысты ойын айтты

1795
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысындағы бір мектептің екі мұғалімі Түркиядағы трансвеститтік түнгі клубқа барды» деген хабар тарады. Кейін екі мұғалімнің де жұмыстан босатылғаны белгілі болды. Жағдайға Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қысқы каникул кезінде мұғалімдер Түркияда демалып, трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барған көрінеді. Мұғалімдер әлеуметтік желіде демалыс кезінде түсірілген кадрларды таратқан, мұны көрген оқушылардың ата-аналары оларды жұмыстан шығаруды талап еткен.

Алайда, Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мұғалімдердің клубқа барғаны үшін емес, демалысы біткен соң жұмысқа келмегені үшін жұмыстан босатылғанын түсіндірді.

«Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты No250 мектеп-лицейінде 2-5 жұмыс күні аралықта белгісіз себептермен жалақысы сақталмайтын демалыс күндерін қоспағанда, жұмыс істеген мұғалімдер ескертусіз жұмысқа келмеген. Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармағына сәйкес олардың өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз», - деп түсіндірді облыстық білім басқармасы.

Ал бұрынғы білім министрі, қазір Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды.

"Мұғалімдер де баршамыз сияқты азамат. Олардың құқықтарын ешкім шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды анық ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өздігінен туындайды. Бірақ олардың құқығын түсінуіміз керек. Ал бұл жерде істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек", - деді Аймағамбетов.

Пікірлер