Шымкентте жоғалып кеткен қыздар Алматыдағы хостелдердің бірінен табылды

2200
Adyrna.kz Telegram
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Шымкенттегі кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығынан жоғалған үш жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге қаланың полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жоғалғандардың фотосуреттерімен, сыртқы келбеті мен киімдерін сипаттайтын бағдарларды көрші аймақтардағы әріптестеріне жіберді. Жедел уәкілдер бір тәулік ішінде Алматы қаласының аумағында қыздарды аман-есен іздеп, тапты”, - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметі.

Айта, кетейік, өткен жексенбіде полиция мен еріктілер 16 жасар Аделя Кеңесованы, 14 жасар Балжан Шәкен мен 13 жасар Нұрайым Саржанға іздеу салған болатын.

Жасөспірімдердің кеше кешке Алматы жатақханаларының бірінен табылғаны белгілі болды. Қазір үш қыз да Алматы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер