Тағы екі жолдама. Ұлттық құрама спортшылары Париж олимпиадасының лицензиясына ие болды

1514
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында тағы екі жолдамаға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеп.

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы нысана көздеу бойынша тағы екі жолдамаға қол жеткізді.

Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында 7-ші орын алып, Париждегі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде жақсы өнер көрсетті. Ол сайыста 584 ұпай жинап, финалға өтті. Осылайша ол Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленген спортшылар қатарын толықтырып отыр.

Нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының бес жолдамасы бар. Аталмыш жарыс 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Пікірлер