Қазақстан былтыр небәрі 3 млн тоннадан аса мұнайды Ресейсіз экспорттаған

2124
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rbc.ru
Сурет: rbc.ru

2023 жылы Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры бағыты бойынша мұнай экспортының көлемі 1 миллион 392 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“ҚазТрансОйл” АҚ (“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ еншілес ұйымы) 2023 жылдың 12 айында Ақтау портынан 3 млн 376 мың тонна қазақстандық мұнай экспорттады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 108 мың тоннаға артық.

Ақтау портынан экспортқа қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемінің ұлғаюы "Баку – Тбилиси – Жейхан" мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін өсуіне байланысты, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 есе көп.

Атап айтқанда, бұл бағытта Теңіз кенішінен 1 миллион 57 мың тонна мұнай жөнелтілді. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Айта кетейік, Қазақстанның негізгі мұнай экспорты Ресейді басып өтетін Каспий құбыр желісі арқылы жүзеге асады. Ал Қазақстан 2023 жалпы көлемі 63,4 млн тонна мұнай экспорттаған.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер