Бұрынғы вице-министр ҰҚШҰ тұрақты кеңесін басқаратын болды

1164
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықов ұйымның тұрақты кеңесін басқарады. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Биыл ұйым төрағалығы Қазақстанға өтті.

«ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы басталды. Ұйым төрағалығы Беларусьтен Қазақстанға ауысуына байланысты төрағалық етуді Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықов алды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Марат Сыздықов 1966 жылғы 27 сәуірде Ақмола облысының Щучье қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1991-1992 жылдары – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі;

1992-1998 жылдары – Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы;

1998-1999 жылдары – Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы;

1999-2002 – Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі;

2002-2010 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі;

2010-2014 жылдары – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;

2014-2019 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі;

2019 жылғы наурыздан 2022 жылғы сәуірге дейін – Сыртқы істер вице-министрі;

2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі болған.

Пікірлер