Астанада тағы 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады деп уәде берілді

1245
Adyrna.kz Telegram
Астана қаласы әкімінің инста парақшасынан
Астана қаласы әкімінің инста парақшасынан

Астанада ұзақ мерзімді құрылыс нысандары – 10 тұрғын үй кешені аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әкім «Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешені, «Арыстан», 4-квартал, «Future home» сияқты ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының құрылыс барысымен танысты.

«Бұл тұрғын үй кешендерінің 12 жылға жуық тарихы бар. Мәселен, Араби 2 - Гранит 2 тұрғын үй кешені сонау 2013 жылы проблемалы деп танылды. Мұнда 200-ге жуық отбасы пәтер кілтін күтіп отыр. «Future home» тұрғын үй құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысан ОКҚ-ға берілген кезде 4 және 7 қабаттар салынды», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Әкім көптеген жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Бұған дейін мемлекет қолдауының арқасында 16 мыңнан астам үлескер отбасының 15,5 мыңға жуық үлескер отбасы пәтер кілтін алған болатын. 140-тан астам көпжылдық тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталды.

«Мысалы, 2023 жылы құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешенін болатын, өткен жылы 22 ұзақ мерзімді тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды, биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады», - деп түйіндеді әкім.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер