Атырауда газ жарылып, 3 айлық нәресте қайтыс болды

2483
Adyrna.kz Telegram
АқЖайық
АқЖайық

Атырау облысында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, үш айлық сәби қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

«5 қаңтарда тұрғын үйдегі газ жарылысынан жарақат алған үш айлық бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - деп хабарлады балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ауруханада отбасының екі мүшесі қайтыс болған: 1965 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адам.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2 қаңтарда болған. Газдың жарылуынан кейін үйдің қабырғасы опырылып, өртке ұласқан. Оқиға кезінде үй ішінде бес адамнан тұратын отбасы болған. Олардың барлығы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер