Әлемдегі ең қымбат осмий металын Қазақстан ғана экспорттайды

4001
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Әлемдегі ең қымбат металл осмий-187 изотопы тек қана Қазақстанда өндіріліп, экспортталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Алайда, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің айтуынша, осмий өндірісіне қатысты мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналады.

«Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10 тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады», - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Елімізде ғана өндірілетін осмий-187 изотопының 1 грамы 10 мың доллардан басталып, 200 мың долларға дейін жетеді.

Табиғатта осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Бұл элементті 9 ай бойы өндіреді.

Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптар жасауға қолданады.

Айта кетейік, Қазақстаннан басқа АҚШ, Австралия, Колумбия және Канадада да осмий кен орындары бар, бірақ тек Қазақстан ғана экспорттайды. Осмий өндіру мемлекеттік монополия болып табылады және металды сатудан түскен барлық кіріс ұлттық қазынаға аударылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер