Тоқаев: Тұр­мыстық зорлық-зомбылық жаса­ған­дарға қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді

2240
Adyrna.kz Telegram

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Егемен Қазақстан” газетіне берген сұхбатында елде жыл соңында аса күрделі талқылауға түскен тақырып тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды “Адырна” порталы. 

Ол аталмыш бағыттағя шағым-арыздармен, қылмыстық ісьер әйел тершеушілер айналысатынын атап өтті.

”Әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау­мен шұғылданатын маман­дардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді” деді президент.

“Біз мұнымен шектелген жоқпыз. Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдерін қайта қарадық. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұр­мыстық зорлық-зомбылық жаса­ған­дарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды” деп қосты ол.

Ол Мәжілісте жаңа заң қарастырылып жатқанын атай кетті.

“Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр”.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер