«Қылмыскерлер туралы ақпарат әдейі өшірілген». Бас прокуратура қызметкері Президентке үндеу жасады

893
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Жамбыл облысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру департаментінің қазіргі қызметкері Әлия Қожабекованың бейнеүндеуі тарады. Ол видеода Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, басшылық тарапынан заңсыз әрекеттерге жол беріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қожабекованың айтуынша, департамент басшылығы Біріңғай тергеу тізілімінен кейбір мәліметтерді қасақана жойып, ішкі істер органдарының қылмыстарды ашу статистикасына әсер етуде.

Ол 2013 жылы болған оқиғаны баяндап берді.

"Мен еңбек демалысына кеткенмін. Сол уақытта департамент қызметкерлері мәліметтер базасынан қылмыстық жауапқа тартылған адамдар туралы ақпаратты өшіріп тастаған. Еңбек демалысынан келгеннен кейін қызметтік тексеріс жүріп, мені кінәлі етіп, мені бөлім басшысы қызметімнен алып тастады. Мен сотқа жүгініп, жеңдім. Содан бері маған жұмыста күн көрсетпейді. Мені кішкентай баламмен бірге әртүрлі аудандарға "жер аударып" жебіргендей болды", дейді Әлия Қожабекова.

Оның сөзінше, басшылық бұл жайттан хабардар болған. Әлия 11 жылдан кейін Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру департаментіне оралған.

"Қайтып келгенімде біріңғай тергеу тізілімінен кейбір мәліметтерді қасақана жою деректері әлі болып жатқанын анықтадым", дейді Әлия.

Оның айтуынша, бұл қызметкерлер өз әрекеттерін ақтау үшін Жамбыл облыстық полиция органдарының прокуратураға жолдаған рапорттарын сылтау еткен. Алайда, көп жағдайда бұл күмәнді рапорттар прокуратураның кеңсесіне (канцеляриясына) мүлде тіркелмеген де болатын, яғни ресми түрде қабылданбаған.

Ол іске қатысы бар бірнеше басшының атын атайды. Қожабекованың айтуынша, Бас прокурордың құжат айналымы бойынша бұйрығына сәйкес, құқықтық статистика органдарына барлық құжаттар тек «Қадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы ғана жолдануы тиіс. Алайда бұл талап жиі еленбей, рұқсатсыз түзетулер енгізілген, және бұл ішкі істер органдарының "жақсы" статистикасын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Бұл әрекеттерге мені кінәлі етпек болды, бірақ олар оны жүзеге асыра алмады, себебі ең бірінші болып мен өзім басшылыққа рапортпен жүгіндім", дейді Әлия Қожабекова.

Оның айтуынша, деректер базасынан ешқандай негізсіз құжаттарсыз қалта ұрлықтары туралы істер жойылған, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, мас күйде жасалған құқықбұзушылықтар да есептен алынып тасталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер