Ақтөбе облысында жол жөндеуге бөлінген 70 миллион теңгені ұрлау ісі бойынша үкімнің күші жойылды, деп хабарлайды “Адырна” порталы “Диапазон" сайтына сілтеп.
«Алғашында екі айыпталушы ақталып, кейін үкім бұзылып, оларға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал жақында Жоғарғы сот қылмыстық коллегия үкімін бұзып, істі жаңадан сот талқылауына қайтарды», - делінген материалда.
2019 жылы «Базис» ЖШС Қобда-Мартұқ жолын жөндеу бойынша тендерді жеңіп алды. «ДосДанай» ЖШС мердігерге жұмыс үшін құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізіп берді. Бұл компанияның негізін қалаушы Мхитар Манукян мен директоры Миржан Есенов сот отырысына қатысты.
«Манукян алаяқтық жасап, оған Есенов көмектесті, мемлекетке 70 миллион теңге шығын келтірілді. Бірінші сатыдағы сот іс бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтап, қате цифрлармен есептелген құрылысшыларға Қобда-Мартұқ жолын жөндеуге асфальт пен қаражат жетпей, мердігердің көмекшілеріне заңсыз түрде бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған. Сонымен қатар, сотта Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының экс-басшысы Мәлімбет Ибрашов сметаға шынымен қате деректер енгізілгенін, сол себепті кейбір жұмыс түрлерін өзгертуге тура келетінін, мұның бәрі алдын-ала тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісілгенін айтты», - делінген айыптауда.
Қылмыстық істер жөніндегі коллегия судьялары бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімін бұзып, «ДосДанай» компаниясының директоры мен құрылтайшысы алаяқтыққа кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Әңгіме мұнымен бітпеді. Сот үкіміне кассациялық шағым түсіріліп, 70 миллионның ұрланғаны туралы істі Жоғарғы сот судьялары қарап үлгерген. Олар күтпеген шешімге келді. Жоғарғы Сот облыстық соттың қылмыстық коллегиясының құрамында бұл істі бұрын адвокаттың Манукянға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымын қараған судья жүргізгенін анықтады. Бұл судьяның бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағымды қарауға қатысқан сот алқасының құрамында болуға құқығы жоқ. Осыны негізге ала отырып, Жоғарғы сот Ақтөбе облыстық сотының үкімін бұзып, сол инстанцияға жаңадан қарауға қайтарды», - деп жазады Диапазон.