Таразда қала орталығында шырша өртеніп кетті

2192
Adyrna.kz Telegram

Таразда орталық саябақтағы жаңа жылдық шырша өртенді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

31 желтоқсан күні таңертең әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы Президент саябағында өртеніп жатқан жаңа жылдық шыршаның видеосы тарап кетті.

taraznews.kz парақшасы атап өткендей, жаңа жылдық шыршаның өртенуі әдейі істелген.

«31 желтоқсан күні сағат 08:29-да Тараз қаласы Төле би көшесіндегі жасанды шыршаның өртеніп жатқаны туралы хабар келіп, өрт 08:34-те анықталып, 08:35-те сөндірілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен: «ӨСҚМ» ММ (8 қызметкер және 2 бірлік техника) болды», - деп түсіндірді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, 31 желтоқсан күні сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақта орнатылған жаңа жылдық шыршаны өртеп жіберген адам түсіп қалған. Күдікті қамауға алынды.

"Полицейлер 56 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Полицейлер бас шырша Көне Тараз тарихи-мәдени кешенінің аумағында орнатылғанын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер