Ішкі істер министрі жаңа жылдық мерекелер алдында үндеу жолдады

2240
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

ІІМ Ержан Сәденов жаңа жылдық мерекелер алдында үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде қызметкерлердің алдына бірқатар міндеттемелер қойды.

«Бүгіннен бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеміз. Сіздерге тапсырарым: құқықтық тәртіпті қорғауды күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу нарядтардың санын көбейту, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, «нөлдік төзімділік» және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету. Барлығы заңдылық пен тәртіпке ерекше назар аударуы керек. Халық пен қоғамның талабы – полицейлер кәсіби, жемқорлыққа жол бермеуі керек. Біз осыны сақтауымыз керек», - деді Сәденов

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер