Ресми мәртебе. Түркістан - Түркі әлемінің туристік астанасы

1240
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласы ресми түрде Түркі әлемінің туристік астанасы атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзербайжан Республикасында «Шамахи — Түркі әлемінің туризм астанасы 2023» іс-шарасының жабылу рәсімі өтті. Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан берілетін ресми мәртебені алу салтанатына Түркістан өңірінен арнайы делегация қатысқан болатын.

Түркі мемлекеттері ұйымының туризм саласы бойынша жиында  Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды тарихтан келешекке бағыт алған түркі халықтарының мәдени және рухани мекенінің жылдан жылға түрленіп жатқанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырғанын атап өтті. Облыс басшысы кеңестің VIII бейресми саммитінде Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп атау туралы тараптар қол қойған декларацияның маңызы жоғары екенін жеткізген еді.

Биыл Түркістан — Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Соған орай облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы қуанышты хабармен бөлісті.

«Қазан айында Түркістанда өткен Түркі Мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан — Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Бүгінгі салтанатты жиынға осы мәртебені Шамахидан Түркістанға қабылдап алуға келіп отырмыз. Біз үшін тарихи әрі қуанышты сәт. Бұл шешім — түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін береді. Түркістан облысында тарихи-танымдық туризмінен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағытымен сіздерді танысуға шақырамыз. Тарихтан келешекке бағыт алған Түркістанда, яғни Атажұртта асыға күтеміз!» — деді Ерлан Күзембаев.

Пікірлер