Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

974
Adyrna.kz Telegram
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы бүгін, 3 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

«Құжат қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері мен нысандарын басқарудың, сақтаудың және тұтастығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруға; Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймағындағы ескерткіштерге археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлауға және басқаруға; тарихи-мәдени мұраны сақтауға, дамытуға, қайта жаңғыртуға және ұлттық қолөнерді дәріптеуге; қаланың тарихи-мәдени нысандарын қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған»,—делінген хабарламада.

Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша өкілеттіктер берілді. Бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға бақылауды жақсартуға, қаланың бірыңғай жобалық кодексін енгізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнершілерді қолдауды, транзиттік көлікті реттеуді және қаланың тарихи болмысын сақтауды қамтамасыз етеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер