Бас прокурор клептократия мәселесін көтерген Ермұрат Бапиге алғыс айтты

2141
Adyrna.kz Telegram
Сурет: smartnews.kz
Сурет: smartnews.kz

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиге "ескі Қазақстандағы" клептократия туралы ақпарат бергені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг агенттігіне сілтеп.

6 желтоқсан күні депутат Бас прокурорға "Ескі Қазақстанның" шенеуніктері ел экономикасына қайта араласа бастағанын айтып, шұғыл әрекет етуді өтінген. Ермұрат Бапи өз сөзінде Талғат Жұмаділдаев, Серікқали Брекешев, қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев секілді бірнеше тұлғалардың атын да атаған болатын

Асылов депутат Ермұрат Бапидің сауалына жауап бере отырып, оған "клептократтар" туралы ақпараты үшін алғыс білдірді.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жеке тұлғалар мен компанияларға қатысты берілген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ол бейінді ведомствоның қызметінде ескерілетін болады. Осыған байланысты Бас прокуратура активтерін қайтару комитеті өз қызметін Заңда көзделген барлық шаралар мен тетіктерді іске асыра отырып, ұлттық заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның бірнеше отырысы өткізілді, бірқатар тұлғалар тізілімге енгізілді, оларға хабарламалар жолданды және декларация күтілуде. Комитет активтердің ашылуын күтпестен бірінші күннен бастап субъектілер бойынша мәліметтер жинау бойынша жұмыс жүргізеді", - деді Бас прокурор.

Өз сөзінде Асылов мемлекетке қанша активтің қайтарылғанын да атап өтті.

"Мысалы, бүгінгі таңда Комитет сарапшыларының зерттеуінде субъектілер мен олардың аффилиирленген тұлғаларының 250 мыңға жуық банктік транзакциялары бар. Бүгінгі таңда мемлекетке Т950 млрд астам активтер қайтарылды", - деп толықтырды прокурор.

 

Пікірлер