54 нысан. Құлыбаев та қайтаратыны айтылды

1278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/56b3bf7f-bea2-4564-8ecc-f541414e11e2-960x500.jpeg?token=c57a4042242fa90533b411f121e0c6b1
Тимур Құлыбаевтың компаниясы мемлекетке 54 нысанды қайтарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп. 2024 жылы кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы компания мемлекетке 54 нысанды өткізді. Прокуратура мәліметінше, “Кипрос” ЖШС және “Joint Technologies” ЖШС арқылы бақыланатын “ТЭК-ҚАЗАҚСТАН” компаниясы мемлекетке бірнеше стратегиялық активті қайтарған. Олардың ішінде отын қоймалары, ғимараттар, құрылымдар, негізгі құралдар және “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының мүлкі, багаж терминалы мен жер учаскесі бар. “Мемлекет меншігіне отын қоймалары, ғимараттар мен құрылымдар, негізгі құралдардан басқа ТЭК-Қазақстан компаниясының 54 нысанын берілді. "Қорғас" ХШЫО мүлкі, багаж терминалы және жер учаскесі қайтарылды”, - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін активтерді қайтару комитеті Тимур Құлыбаевпен соттасып жатқанын хабарлаған болатын. Қаржы есебіне сәйкес, Құлыбаевтың Joint Resources холдинг компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 39,1 млрд теңге таза пайда тапқан. Холдингтің негізгі қызметі активтерді басқару болып табылады.
Комментарии