Алматыда боксердің жоғалғаны хабарланды

1601
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 64 жастағы танымал қазақстандық және кеңестік спортшы Серік Нұрқазов жоғалып кеткені хабарланды.

"Қоғам" жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында Алматыда танымал спортшы Серік Нұрқазовқа іздеу жарияланғаны жайлы ақпарат шықты.

Ер адам 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Оның басында сұр баскиім, үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Сондай-ақ оның шашы ақ және сақалы бар екені айтылған.

Айта кетейік, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген.

Ол бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері, 1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері,1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы және КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Пікірлер