«Путин Тоқаевтан көмек сұраған». Ақорда шетелдік басылымының зерттеуіне қатысты пікір білдірді

1623
Adyrna.kz Telegram

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін БАҚ «Путиннің оң қолы Пригожиннің көзін қалай жойды?» атты мақала жариялаған болатын.

«Вагнердің» әскери бүлігі кезінде Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Қазақстан мен Беларуське қоңырау шалып, әскери қолдау болады деп үміттенген. Егер әскер вагнерліктерді тоқтата алмаса, олар көмекке келеді деп күткен. Алайда Тоқаев бас тартқан. Ал Лукашенко көмектесуге келіскен»,—делінген материалда.

Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді»,—деді ол.

Пікірлер