Павлодар қалалық әкімдігі 65 920 000 теңгеге жаңа жылдық шырша орнатпақ

2516
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» жаңа жылдық шыршаны безендіруге 65 920 000 теңге қаржы бөлді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы satypalu.gov.kz/  сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама 27 қыркүйек күні жарияланып, 12 қазан күні аталған тендердің жеңімпазы болып «ЖК Айбат» атты компания танылған. Яғни, Павлодар қаласының әкімдігі қазан айындағы Республика күні мен желтоқсандағы Тәуелсіздік мерекесін тойламай жатып, жаңа жылдық шыршаны орнатуға дайындық бастап кеткен.

Техникалық сипаттамада шырша шарт күшіне енген күннен бастап 21 күнтізбелік күн ішінде жеткізілуі, шыршаның жарамдылық мерзімі 36 айға жетуі, биіктігі 30 метр, диаметрі 12,2 метрден аспауы керектігі көрсетілген. Демек, құжат бойынша тапсырыс орындаушы шыршаны қараша айында орнатып тастауға міндетті деген сөз.

Аталған құжаттармен танысып шыққаннан кейін бізді бірнеше сұрақ мазалады.

1. Павлодар қаласы әкімдігі үшін Тәуелсіздік мейрамының құны жоқ па?

2. Жарамдылық мерзімі 36 айға жететін шыршаны әкімдік не істемек? Алдағы үш жылда да жаңа жылдық мерекеде осы шырша алаңға тігіле ме?

3. Қала орталығына 65 920 000 теңгеге шырша орнату бюджеттің ақшасын оңды-солды шашу емес пе?

Бұл сұрақтарды Павлодар қаласы мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне жолдадық. Жауабын беріп жатса, оны да жариялайтын боламыз!

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер