Орман өрті. Экомин Үкіметтен тағы да 11 млрд теңге сұрады

977
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ормандағы өрт қауіпсіздігін әуеден күзетуге бюджеттен бөлінген қаражат жетпей жатқанын мәлімдеп, Үкіметтен көмек сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Министрдің мәлімдеуінше, орман шаруашылықтарын қамтамасыз етуге 2023-2027 жылдарға арналған жалпы қаржыландыру көлемі 68 млрд теңгені құрайды. Бюджет тапшылығына байланысты республикалық бюджеттен қаржыландыру 8,7 млрд теңгеден 3,1 млрд теңгеге дейін қысқарған.

«Орман өрттерiн анықтау мен жоюдың тиiмдi тәсiлдерінің бiрi – ормандарды авиациялық қорғау болып табылады.Мемлекеттік орман қорының неғұрлым жанатын учаскелерін бақылау үшiн ұшу уақытының 10453 сағаттық нормасы белгіленді. Алайда республикалық бюджетте қарастырылған қаржы жеткіліксіз. Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз», – деді министр Үкімет отырысында.

Ерлан Нысанбаевтың қосымша берген ақпаратына сенсек, бұл мақсатқа тағы 11 млрд теңге қажет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер