Жезқазған жылу электр орталығында 5 қазандықтың екеуі ғана жұмыс істеп тұр

1766
Adyrna.kz Telegram

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қаладағы Жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың тоқтап қалуына қатысты жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform сайтына сілтеп.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық қана жұмыс істеп тұр, жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градус төмен, яғни қалыпты 73 градустың орнына, бізде 63 градус.

«Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, мамандар жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15-те істен шықты, түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде», - деп мәлімдеді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Қала басшылығы осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді деп уәде беріп отыр. ЖЭО мамандары таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер