Дәрігерлер қауымы дәріптеген тұғырлы Тәуелсіздік

1118
Adyrna.kz Telegram

Тарих өткелегіндегі «ауыспалы кезеңдерді» табысты өткеріп, егемендігімен ұлттық саясатын нығайтқан, жаһандық кеңістікте өзіндік  моделін қалыптастырып, тұтас дүниеге тегіс танылған еліміздің тәуелсіздік алғанына 32 жыл толды.

Қазақстан ғасыр өлшемімен алғандағы аз ғана уақыт ішінде өзінің нық тұғырына қонды. Халықаралық саяси аламанда салмақты саясаты, орнықты ұстанымымен өзінің дегдар бейнесін қалыптастырды. Тәуелсіздік таңы атқалы ұлттық құндылықтарымыз жанданды, тіл мен діл, мәдениет пен дәстүр, саф өнер мен ұлттық экономика, төл медицина бірқатар жетістіктерге жетті.

Қастерлі әрі құны жоғары мерекесің, әр азамат үшін бағасы биік КИЕЛІ КҮННІҢ шарапаты мен мән-маңызы «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінде» де жоғарғы дәрежеде ұлықталды. Еңселі егемендіктің тарихи маңызы айшықталған мерекелік кеште ұлтсүйер азаматтар жыр оқып, дарабоз дарын иелері патриоттық ән шырқады.

Кеш ашылуында «Отан соғысының ардагерлеріне арналған клиникалық республикалық госпиталь» директорының  «емдеу ісі» қызметі бойынша орынбасары Калмуратова Нурия Тасбаевна тебірене сөйлеп, мән-маңызы зор мереке жайында сыр шертті. Құрметті дәрігердің тәуелсіздік толғамы жайлы толымды баяндамасынан кейін госпиталь директоры Джумасеитова Гаухар Тазабекқызы ұжымдағы 19-қызметкерді арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, алуан түрлі тағдыр кешкен ардагерлердің қамқоршысына айналған қызметкерлерге құрмет көрсетті.

Кейіннен«Аманат» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Тасшабай Ахмет Болатұлы жан саулығы мен тән саулығының сақшыларын қастерлі мерекемен құттықтады. Ахмет Болатұлы тәуелсіздік жылдарында жеткен еліміздің елеулі жетістіктеріне, ұлық мерекенің қоғамдық-cаяси мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, биыл мерейлі 60 жасқа келген ұжым қызметкері Ахмеджанова Фарида Жайшигалиевнаға арнайықұттықтау хатын табыстады.

Кештің «шырқау шегінде» құрметке бөленген дәрігерлер мен ұжым қызметкерлерінің көңілін құтайтқан жалынды жыр, рухты ән шырқалып,ерекше бір мерекелік ауан салтанат құрды.

Оймақтай ортада «Тәуелсіздік саясын паналап» өз өнерін паш еткен Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының дарынды студенттері де көпшіліктің құрметіне бөленіп, кеш соңындакөрерменнің айрықша алғысын алды.

Дастан Қастай
«Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің» маманы 

Пікірлер