Туған күнінде Смайылов Мәскеудегі халықаралық көрмені аралады

1194
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Ресей» халықаралық көрме-форумына қатысты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды.

Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы қарашада жабдықтардың сынама партиясын шығару, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Челябі облысының стенді аясында Қазақстанда бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, сондай-ақ су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу бойынша жобалар таныстырылды.

Санкт-Петербург стендінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау және байыту фабрикаларының техникасын жаңарту бойынша жобалар ұсынылған.

Сонымен қатар, Мәскеуде өткен кеңесте ТМД елдерінің үкімет басшылары Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловты туған күнімен құттықтады.

Ол бүгін 51 жасқа толды.

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та Тәуелсіздік күні Ресейде жүргені белгілі болған еді. 

Пікірлер