Актер Азамат Сатыбалды марқұм анасына жазба арнады

1309
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Актер Азамат Сатыбалды марқұм анасына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Актер анасына деген сағынышын Instagram парақшасында жазба арқылы бөлісті.

"Қайғыны бөліссең азаяды.                                                                                          Ардақты ағайын! Анамнан айырылып қайғыдан есеңгіреп жатқанда, жылы сөздеріңізбен жанымды жұбаттыңыздар. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Отбасыларыңыз аман болсын. Әке-шешелеріңізді қадірлеп, тірі күнінде батасын алып қалуға тырысыңыздар. Бақыт батада. Өмір жалғасады, бұл заңдылық. Бірақ сағыныш басылмасы анық. Көңіл айтып жатқан барша оқырмандарым мен замандастарыма рахмет айтамын", – деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.

Пікірлер