Бүгін – Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасы басталған күн

3477
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік күні – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында ел арманын арқалап, алаңға шыққан боздақтардың көзсіз ерліктерінің нәтижесі.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойылды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады.

Атаулы мереке 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес атап өтіледі.

Өткен жылы қабылданған шешім бойынша, Тәуелсіздік күні желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде бекітілді. Осы өзгерістерді ұсынған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні жоғалмайтынын жеткізген болатын.

«Бірақ ол тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», – деген еді Тоқаев.

«Адырна» ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер