Халықаралық жарыстан Қазақстан құрамасы бір күнде төрт медаль жеңіп алды

3748
Adyrna.kz Telegram

SCIJ Қазақстан журналистер клубының мүшелері Италияның Бардонеккья қаласында өтіп жатқан SCIJ-2025 халықаралық жарысының алғашқы күнінде төрт жүлдеге ие болды.

4,5 шақырымдық шаңғы жарысында әйелдер арасындағы сеньорлар санатында Татьяна Николаева Қазақстан клубы тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Наталья Качалова өткен жылғы нәтижесін қайталап, күміс медаль еншіледі. Анастасия Наумецкая алғаш рет 4 км қашықтықта жарысқа түсіп, құлап қалуына қарамастан, 19-орынға тұрақтады.

Сеньорлар санатында Сұңқар Қарабалин да өткен жылғы жетістігін қайталап, тағы да чемпион атанды. Руслан Сәрсеев бұл жарыста тоғызыншы орын иеленді.

Юниорлар санатында Егор Ильин Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды. Диас Нұрақын өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылап, бесінші орын алды.

Супер-сеньорлар санатында Сраил Смаил өткен жылғы көрсеткішін жақсартып, алтыншы орынға ие болды.

Екі күннен кейін Қазақстан құрамасы алып слалом және параллель алып слалом жарыстарына қатысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер