Индустрия экс-вице-министрінің ісі қайта қаралды

1127
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Тимур Тоқтабаевқа қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазан айында шенеунік ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

«Іс жазаны өтеу мекемесін өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған мен оның қорғаушыларының экс-вице-министрдің кінәсіздігі туралы дәлелдері көрсетілген апелляциялық шағымдары бойынша қайта қаралды. Сотталғанның қылмыс жасаудағы кінәсінің дәлелденгеніне сәйкес, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен үкімнің күшін жоюға негіз болған жоқ»,—делінген хабарламада.

Сот үкімі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төменгі қауіпсіздіктен орташаға қауіпсіздікте өтеу бөлігіне өзгертілді. Үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер