Атырауда мұнай цистернасы жарылды

2204
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ТЖМ
Сурет: ТЖМ

Атырауда мұнай қалдығы бар теміржол цистернасы жарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 14 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 13:58 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы оңтүстік өндірістік аймақта орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-не тиесілі №1 цехтың жуу-булау станциясында жылжымалы темір жол құрамына тазалау жүргізілді. Сол кезде мұнай шламының қалдығы бар цистернада газ-ауа қоспасының дүмпуі болды. Салдарынан цех құрылымы ішінара құлады. Жалынның тұтануына байланысты автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылды. «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді»,—делінген хабарламада.

Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығын» 3 қызметкер 1 бірлік техника, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер