Жасырын марапат. Қыздарға арналған астыртын мектеп желісін құрған ауған аруы ерекшеленді

1111
Adyrna.kz Telegram

Германияда «Axel Springer Freedom Foundation» коммерциялық емес ұйымы аты-жөні жасырынған ауғандық әйелге батылдық үшін сыйлық беретінін жариялады. Ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында марапаттаушының аты-жөнін айту мүмкін емес, өйткені әйел Ауғанстанда қыздарға арналған астыртын мектептердің құпия желісін құрған, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Сыйлық демократия мен еркіндікке ерекше үлес қосқан адамдарға беріледі», - делінген хабарламада.

Ауғанстан - қыздардың алтыншы сыныпты бітіргеннен кейін мектепке баруына ресми түрде тыйым салынған әлемдегі жалғыз ел. Бұл тыйымды 2021 жылдың тамызында елдегі билікті басып алғаннан кейін «Талибан» радикалды қозғалысы енгізген. Бұл шешімге жергілікті қоғам белсенділері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік саясаткерлер қарсылық білдірді, бірақ Талибан әлі күнге дейін жасөспірім қыздарды мектепке жібермейді.

«Мен үшін ең ауыр әділетсіздік - Ауғанстандағы әйелдердің қиын жағдайын ашық айта алмауы. Өзіме қауіп төндіремін деп қорқып, бұл ерекше күнді отбасыммен бірге тойлай да алмаймын. Ерлігі үшін марапатты өз басым қабылдап, еліме мақтанышпен оралғым келеді. Бұл марапат мені бұдан да көп жұмыс істеуге ынталандырады", - деп жазды марапат иесі.

Марапат ауған әйелдерінің робототехника командасының негізін қалаушы Роя Махбубқа берілді.

«Axel Springer Freedom Foundation» сыйлығының ақшалай құны 50 мың еуро екенін айта кетейік.

Axel Springer Freedom Foundation - еркін емес елдердің құқық қорғаушыларын қолдайтын коммерциялық емес ұйым.

Пікірлер